14 наурыз күні ҚазҰӨУ залында «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің концерті өтеді. Концерт бағдарламасында американдық композитор Леонард Бернстайнның шығармалары орындалады. Атап айтар болсақ, көрермендер скрипка мен арфаға арналған «Серенада (Платон «Пир» диалогы бойынша) туындысын тыңдай алады. Бұл кештің солисі – халықаралық байқаулардың лауреаты Қасенов Дияр.
Концертте талантты хормейстер Батыржан Смаковтың жетекшілігімен Қазақ ұлттық өнер университетінің хоры өнер көрсетеді. Хор мен оркестрдің орындауында Леонард Бернстайнның шедеврі «Чичестерские псалмы» шығармасы орындалады. Бұл туынды – композитордың шығармашылығындағы ең белгілі шығарма. Ол академиялық музыканың рок және шлягер элементтерімен туындаған заманауи микс туынды болып есептеледі.
Концерт оркестрдің шақырылған дирижері Михаил Кирхгоффтың жетекшілігімен өтеді.